Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық жобалар шеңберінде өңірлік жұмыспен қамту картасы қалыптастырылып, 272 жобада 9222 бірлік жұмыс орындарын құру жоспарланды. Бос орындар туралы ақапарат ашылуына қарай Электронды еңбек биржасына орналастырылатын болады. Бұдан бөлек, «2021–​ 2025​ жылдарға​ арналған​ кәсіпкерлікті​ дамыту жөніндегі​ ұлттық​ жоба» аясында 53 мың жұмыссыз азаматты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту жоспарланып отыр.
Еңбек нарығында жастарды қолдауға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының тиімділігі зор. Өткен жылы бұл жобалар аясында 176 жас жұмысқа тартылса, ағымдағы жылы 300 жуық жасты жұмысқа орналастыру көзделуде.
Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір тиімді тетігі – қайтарымсыз грант беру.​ ​ Облыста 500-ге жуық жастарға және 1 мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мемлекеттік грант беру жоспарланып, іске асырылуда.
Облыс әкімі барлық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Оңдасын Оразалин: «Халықтың әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс сапасының жақсаруы олардың жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Жастардың кәсіби бағдарлануына, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуын қамтаамсыз етуге баса назар аудару керек. ​ Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Жұмыс әсіресе аудандарда күшейтілу керек»,- деп атап өтті.