Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі жылдық мәнде айтарлықтай Нұр-Сұлтан қаласында қымбаттады – 27,2%-ға. «Тұрғын үйдің қайта сату нарығындағы жоғары өсім Талдықорған қ. (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығындағы көшті Алматы қ. бастап тұр (49,9%)», – деп атап өтті Қ. Жақыпбекұлы.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

                                                                                                                                                   пайызбен, өсуі

 

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге1)

2022 жылғы мамыр

Анықтама: 2022 жылғы сәуір

2021 жылғы мамырға

2021 жылғы желтоқсанға

2022 жылғы сәуірге

2021 жылғы сәуірге

2022 жылғы наурызға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

 

419 2772)

19,3

10,8

1,7

20,3

0,8

 

Пәтерлерді қайта сату

463764

27,9

16,6

1,0

27,7

1,8

 

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

3 606

22,8

11,8

1,3

22,2

0,8

 

1) 2022 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша

2) Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

 

Бір айдың ішінде (2022 жылғы мамыр2022 жылғы сәуірге) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,7%, пәтерлерді қайта сату 1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда мамырда 1,3% жоғарылады.

 ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойыншаіріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

www.stat.gov.kzРесми статистика/Салалар бойынша/Баға статистикасы