Іс-шараға Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Сағындықов, Орталық, Оңтүстік және Батыс Азиядағы жеке сектордың инфрақұрылымдық жобалары жөніндегі департамент директоры Шантану Чакраборти және АДБ-ның ҚР өкілдігінің директоры Нариман Маннапбеков қатысты.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Қазақстан мен АДБ өзара іс-қимыл үшін зор әлеуетке ие. Елімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасалған.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту арқылы жеке инвестицияларды ұлғайтуға баса назар аудара отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды дамыту бойынша АДБ тәжірибесіне мүдделі», - деп атап өтті Ә.Қуантыров.

Өз кезегінде Азия даму банкінің Вице-президенті Ашок Лаваса ҚР мен АДБ арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, барлық маңызды бағыттар бойынша қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.