Өз сөзінде ол өткен жылы жалпы ішкі өнім өсімі экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижемен 4% құрағанын атап өтті.

Осылайша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі тиісінше 3,8%-ға, құрылыс саласы-7,6% - ға, көлік және сауда – 3,6 және 9,2%-ға өсті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 8,4%-ды құрады, негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3,5%-ға ұлғайды, бюджетке түскен түсімдер 12,7 трлн. тенгені құрап 100,8% орындалды.
Трансферттерді есепке алмағанда кірістер бойынша жоспар 156 млрд. теңгеге артығымен орындалып, 7,4 трлн.теңгені құрады, - деп атап өтті Жамаубаев.
Республикалық бюджеттің шығыстары 99,2%-ға игерілді және 15,2 трлн. теңгені құрады.

Ерұлан Жамаубаев сондай-ақ әлеуметтік блок шығыстарының параметрлері туралы айтып берді, оның көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 910 млрд.теңгеге артып, республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 50%-ын құрады. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында педагогтердің, дәрігерлердің, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақысы артты. Бұл мақсатқа шамамен 950 млрд. теңге жұмсалды. Сондай-ақ, эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге 422,6 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындады, - деп атап өтті Жамаубаев.