«Орталық  референдум комиссиясының есептеулері бойынша референдумға 8 млн жуық адам немесе халықтың жалпы санының 68,05% қатысты. Референдумға бір ғана сұрақ  шығарылды. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылдауға 6 млн астам адам дауыс берген, бұл 77,18%. Сондай-ақ Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдауға қарсы дауыс бергендер 18,66% құрады. Бұл шамамен 1,5 млн адам. Яғни, қолдау деңгейі жоғары болғанын  көріп отырмыз. Бірақ 20% келіспегендер де бар. Бюллетеньдердің 2,5% жарамсыз деп танылды», - деді спикер.