Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекеттік дамудың жаңа кезеңі: Әділетті Қазақстан құру» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел барысында саясаттанушы Елдос Жұмағұлов осындай пікірін жеткізді. «Демократия – бұрын оппозицияның немесе Батыс үшін, рейтинг үшін деп ойласақ, қазіргі кезде өмір қажеттілігі болып отыр. Себебі, демократияның заңдылығына қарайтын болсақ, бір адамның немесе бір органның қолында биліктің болмауы, биліктің орталықсыздануы, барлық билік тармақтарының баланс деңгейінде жұмыс істеуі, жергілікті мәселелерді халықтың өзі шеше алуы. Осы референдумда үлкен алғышарты жасалды десек болады. Біз Фрнация, Оңтүстік Кореямен салыстырамыз. Екінші Республика деп жатамыз. Кез келген «республикалардың» негізі - Конституцияны өзгертуден басталады. Бұл ретте мәселені халықтың талқысына шығару – биліктің лигитимділікке, халықтың қолдауына ие болуға бағытталған қадамы болды. Әрине, кез келген демократиялық қоғамның өзінде халықтың сайлауға қатысуы ешқашан 80-90% болмайды, 50% асса, дамыған елдердің өздері қуанып жатады. Біздің елде 68% қатысып, 78% жуығы қолдады. Бұл жақсы көрсеткіш», - деді саясаттанушы. Спикер референдум барысында ешқандай наразылықтар болмағанын атап өтті.