Қазақстан басшысы атап өткен тағы бір маңызды міндет – аумақтарды көгалдандыру және жаңа алқаптарға ағаш отырғызу.

– Менің тапсырмаммен 2025 жылға дейін еліміз бойынша екі миллиард ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Өткен жылы 138 миллион, ал биыл 280 миллион ағаш егілді. Алайда бұл қарқын жеткіліксіз, оны жылдамдату қажет. Кеңес мүшелерін аталған бастаманы қолдап, осы іске елеулі үлес қосуға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында.