Бұдан басқа, жаңадан құрылған облыстарда аумақтық бөлімшелері құрылатын орталық мемлекеттік органдар үшін штат санын белгілеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Кейін өңірлерде бюджет пен коммуналдық меншікті облыстар арасында бөлу жұмыстары басталады.
«Біз жергілікті жерлерге барып, облыс орталықтарының инфрақұрылым, жылжымайтын мүлік объектілерінің болуын, әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жалға алу және жөндеу қажеттіліктеріне әзірлігін зерделеп, талдадық. Жалпы, жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті әкімшілік ғимараттар бар. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу, жалға беру үшін қажетті бюджет қаражатының алдын ала көлемін анықтады. Алдын ала жалпы қажеттілік шамамен 12 млрд теңгені құрайды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен қаралады», - деді спикер.