«Сәуір айында жаңа облыстардың шекарасын анықтау бойынша мәслихаттардың тиісті сессиялары өткізілді. Жаңа облыстар аумағының шекараларын айқындау кезінде жергілікті халықтың пікірі, өңірдің экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны және басқа да өлшемдер ескерілді. Жаңа облыс орталықтарын дамыту мақсатында қажет болған жағдайда Семей, Жезқазған, және Қонаев қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарлары әзірленіп, өзектендірілетін болады. Тұтастай алғанда, осы облыстардың пайда болуы тек осы өңірлердің ғана емес, бүкіл ел экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Реформа жаңа өндірістер ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жақсарту жолымен өмір сүруге жайлы орта құру сияқты оң нәтижелерге қол жеткізе отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», - деді министр.


Оңтайлы әкімшілік-аумақтық құрылым тұрғындардың облыс орталығына дейін және кері қайтуын жеңілдетеді, ішкі көші-қонды тиімдірек реттеуге ықпал етеді.