Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев мәлімдеді. 


«Сондықтан қауіпсіз қан оны құюға мұқтаж әрбір адамға қол жетімді болуы маңызды. Халықтың кеңінен және белсенді қатысуын қамтамасыз ететін қан донорлығының тиімді бағдарламасының болуы бейбіт уақытта да, төтенше жағдайлар мен апаттар кезінде де қажетті қан құюды уақытылы орындауға мүмкіндік береді.

Қан донорлығының тиімді бағдарламасын дамытуға көп жағдайда жалпыға ортақ ынтымақтастықтың қолайлы әлеуметтік және мәдени ахуалы ықпал етеді, бұл ретте қан донорлығы актісі қоғамдағы байланыстарды дамытуға және әлеуметтік келісімді нығайтуға көмектесетіні белгілі. 2022 жылы Дүниежүзілік қан доноры күні 

«Қан донорлығы - ынтымақтастық актісі. Донор болыңыз және өмірді құтқарыңыз» ұранымен өтеді, ол адамдардың өмірін сақтап қалу және қоғамдағы ынтымақты нығайту үшін ерікті қан тапсырудың маңыздылығына назар аударуға бағытталған. Мексика 2022 жылғы Дүниежүзілік қан доноры күнін қабылдаушы тарап болады. Жаһандық іс-шара бүгін Мехикода өтеді», - деді спикер.