Алматы мен Нұр-Сұлтанда ластанудың басым бөлігі жылу көздеріне (ЖЭО, қазандықтар), автокөлікке және жеке сектордан болады. Өскемен мен Теміртауда эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе мен Атырауда жоғары ластанудың себебі ескірген кәріздік-тазарту құрылыстары болып табылады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» постулатын ұстана отырып, экологияның өзекті мәселелерін шешу бойынша жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен талқылау жүргіздік. Нәтижесінде 16 жол картасы қабылданды. 485 іс-шара қарастырылған. 2020–2022 жылдың 1 тоқсаны аралығында жоспарланған іс-шаралардың 50%-дан астамы орындалды. Біз осы жол карталарын өзектендіру қажеттілігі бар екенін көріп отырмыз. Жұртшылықты белсенді қатысуға шақырамыз. 2025 жылға қарай жол карталарын іске асыру 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деді спикер.


Бұдан басқа, 7 кәріздік-тазарту құрылысы мен 24 жаңа полигон салу, 12 КТС қайта құру және жаңғырту, сондай-ақ ластанған жерлерді қалпына келтіру және жою қарастырылған.
Сонымен қатар былтыр «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданды. Оған 2025 жылға дейін эмиссияларды 20 -30% төмендету бойынша ірі қалалардағы 16 ірі өнеркәсіптік объектінің іс-шаралары да енді.