Іс-шара барысында экономикалық өлшемдегі сенім шараларының іске асырылуы барысына шолу бойынша тақырыптық пікірталастар өткізілді. Мүше мемлекеттердің осы саладағы өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты тетіктер ұсынылды. Тараптар практикалық нәтижелерге қол жеткізуге баса назар аудара отырып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.
АЛТК отырысының маңызды шешімі Түркияны Азия кеңесінде «Сауда және инвестициялар» өзара іс-қимылының басым саласын тең үйлестіруші ретінде бекіту болды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар 2022 жылдың қазан айында өтетін 6-шы АӨСШК Саммитінің қорытынды құжаты жобасының негізгі ережелерімен таныстырылды. Құжаттың құрылымы мен мазмұны жөнінде пікір алмасылды. Мүше мемлекеттер алдағы жоғары деңгейдегі кездесу барысында Кеңесті халықаралық ұйымға трансформациялауды іске қосудың маңыздылығын атап өтті.