Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов Қазақстандағы қоғамдық-саяси дамудың қазіргі үрдістеріне тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің мәдени мұрасын жаңғыртудың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз кезегінде кітапхана өкілі Надежда Герьяк еліміздер арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын құптап, эстон оқырмандарының Қазақстан әдебиетімен танысуынан күтетін ойларымен бөлісті. «Эстония тұрғындары Қазақстанмен байланысын үзген жоқ және бұл елдегі оқиғаларды әрқашан қызығушылықпен бақылап отырады. Олар кітапхана ұсынатын жаңалықтарды бағалайтынына сенімдімін», - деп атап өтті ол.

Тараптар қазақстандық авторлар шығармаларының номенклатурасын тұрақты түрде жаңартып отыру арқылы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.