ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында биыл наурыз айында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары су айдындарында бекіре және асқа да балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде «Бекіре-2022» кең ауқымды балық қорғау акциясын бастау туралы бірлескен бұйрығына қол қойды.

Аталған шара 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында өткізілді. Мақсаты - балықтардың, соның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерге кедергісіз көшуіне қолайлы жағдай жасау.

«Бекіре-2022» акциясын өткізу барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 640 дерегін анықтады. 392 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 63-і сот тәртібімен, құқық бұзушыларға екі айдың ішінде 8,3 млн теңге сомасында айыппұл салынды», - деді спикер. Бұл ретте ол бірнеше маңызды мысалдар келтіріп өтті.

«2022 жылғы 16 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Шабдаржап кенті маңындағы Тайпақ ауылының заңсыз балық аулаған 3 тұрғыны ұсталды. Құқық бұзушылардан жалпы салмағы 395 келі балық тәркіленді. ҚР ҚК 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оны тергеу органдары сот қарауына жіберді. 9 сәуірінде инспекция қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жайық өзенінен жалпы салмағы 979 кг болатын екі жүзу құралын, үш автомашинаны және 16 қап бөлшектік балықты тауып алып, тәркіледі. 29 мамырда Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 12 км қашықтықта бекіре балықтарын заңсыз аулауға тыйым салынған құралдармен «байда» типті қайықпен үш жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру кезінде бес тор, жалпы салмағы 85,5 кг 17 дана бекіре балығы, сондай-ақ шағын тоңазытқыш камера, навигациялық құрал және эхолот алынды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде»,-деді ведомство өкілі.