Қазіргі уақытта Каспий маңы мемлекеттерінің сарапшылары жалпы су кеңістігінде су биологиялық ресурстарды өндіру мен бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Кең ауқымды республикалық акция шеңберінде шекара жасақтары, кеме, катер экипаждары 60 шағын кемеде 131 құқық бұзушыны ұстады. 331 км астам браконьерлік аулау құралдары, 95 қабада тәркіленді, табиғи мекендеу ортасына бекіре тұқымдас 706 балық, 4 мыңнан астам қызыл және қара балық суға жіберілді. Мемлекет қорына 1,5 млрд теңге қайтарылды. 3,1 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді спикер.

Айта кетейік, мемлекеттің теңіз қызметі халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына және ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция Каспий маңы мемлекеттерінің егемендігін, егемендік және айрықша құқықтарын, сондай-ақ теңіз юрисдикциясын бекітеді.

Қабылданған заңнамалық шаралар және отандық кәсіпорындарда кемелер, катерлер құрастыру ҰҚК ШҚ-ның аумақтық сулар мен теңіздің құрлықтық бөлігіндегі, оның ішінде теңіздің экономикалық қызметін бақылау жөніндегі міндеттерінің кең ауқымын шешуді қамтамасыз етеді.