Е.Ыдырысов исландиялық әріптестерін 2022 жылғы 5 маусымдағы жалпыұлттық референдумның қорытындылары, ҚР Конституциясындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалардың кең ауқымды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Исландия тарапына еліміздегі шетелдік бизнес үшін ашылып жатқан жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынылды. Екіжақты шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейту жөніндегі бірқатар бастамалар талқыланды. Оның ішінде әуе қызметтері, қосарланған салық салуды болдырмау, инвестицияларды өзара қорғау және визалық режимді жеңілдету туралы келісімдер талқыланды.

Елші «Arctic Green Energy» компаниясының басшылығымен жеке кездесу өткізіп, Исландияның жаңартылатын энергия көздерін және «жасыл» технологияларды дамыту саласындағы тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстанда геотермалдық энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстанның Исландиядағы Құрметті консулдығын аша отырып, Е.Ыдырысов екі ел арасындағы ынтымақтастықты барлық бағыттар бойынша одан әрі арттыру қажеттігіне назар аударды және «Arctic Green Energy» компаниясының топ-менеджері, Рейкьявиктегі ҚР Құрметті консулы Сигурдур Атли Йонссонның осы мақсатты жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтті.