Одан басқа соттың үкімі бойынша 332 сотталушы қамақтан босатылды. Бүгінгі таңда өндірістегі қылмыстық істер бойынша 14 адам қамауда қалуда, оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 8, Алматы облысы – 3 және Жамбыл облысы – 3, олардың барлығы ауыр қылмыстарды жасауда күдікті.


«Ішкі істер органдарының тергеушілері 565 айыпталушыға қатысты 344 қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады. Осындай істердің негізгі бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау жөніндегі істер құрайды – 257, қаруды заңсыз сақтау – 37, қаруды ұрлау – 18, айдап кету – 5 және т.б. Соттар 382 адамды соттады, оның ішінде 46 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, осы адамдар бұрын сотталған және кінәсін мойындамаған, келтірілген залалды өтемеген. Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес кінә мойындалған және тергеуде іс-қимыл жасалған жағдайда сот жасалған қылмыс үшін санкцияда көзделген жазаның жартысынан аспайтын жазаны тағайындайды. Түркістан облысының тұрғыны Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік уақытында М. Мақатаев көшесінде «Мобила» сауда үйіне заңсыз кіріп, сомасы 4 млн-нан артық теңгеге 27 ұялы телефон ұрлаған. Алматы қаласы Алмалы ауданының № 1 соты адамның жеке мінездемесін, жасаған істен өкінетінін және залалды өтегенін ескере отырып, оны 2 жылға бас бостандығын шектеуге соттаған. Басқа мысал, Алматы облысының бұрын бірнеше рет сотталған тұрғыны биыл 7 қаңтарда Б. Хмельницкий көшесінде болғанда «Рауза Фарм» дәріханасының үй-жайына кіріп кетіп, жалпы сомасы 570 мың теңдеген артық дәрілік препараттарды ұрлаған. 21 қаңтарда аталған адам қылмыстық әрекеттерін жалғастырып, С. Сейфуллин көшесіндегі «Ойл Центр»  техникалық қызмет көрсету станциясының үй-жайынан сомасы 650 мың теңгеден артық  құрал-саймандар мен қызметкерлердің жеке заттарын ұрлаған. Сот оның шынайы өкінгенін ескеріп, 5 жылға бас бостандығынан шектеуге соттады», -  деді полковник.


Сонымен бірге адамдардың басым бөлігі бас бостандығын шектеуге сотталды – 330, олар шынайы өкініп, залалды өтеді. Сот ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстық істер бойынша 12 адамға қатысты істерді тараптардың татуласуына байланысты тоқтатты.