«Биыл 1 маусымда Тараз қаласында полиция қызметкерлері шағын аудандардың біреуінде гараждардың арасында толық оқжатары бар Макаров тапаншасы, револьвер, аңшылық мылтық және жарық-дыбыс гранатасы болған заңсыз сақтау орнын тапқан. Осы жылдың 7 маусымында Тараз қаласында полиция қызметкерлері құрылыс объектісінде 2 аңшылық мылтық, шолақ аңшылық мылтық және жарақаттайтын тапанша салынған полиэтилен пакетін тапқан. Сол күні аталған қалада бағбандық қоғамның аумағында құрылыс плиталарының астынан «Макаров» тапаншасы, жарақаттайтын тапанша, аңшылық мылтық пен жас ағызғыш тітіркендіру әрекеті бар граната, түтікшелері бар «Ф-1» гранатасы мен калибрі 5,45 мм 30 оқ тауып алды. Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде қарудың 1626 бірлігі табылып алынды, бұл 10 граната атқыш, 6 оқ атқыш, 160 автомат, кесілген қарудың 113 бірлігі, 361 тапанша мен 253 граната, 41,1 мыңнан астам оқ-дәрі», - деді полковник.


Мысалы: ағымдағы жылғы мамырда Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС-дан қорғасын құймаларын ұрлауда күдіктінің біреуі тұратын үйді тінту барысында оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы табылып алынды.Сондай-ақ күдікті Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінде «Макаров» тапаншасын, 4 толық оқжатары бар Калашников автоматы мен 1 сүңгі пышағын тығып қойған жерді көрсетті. Екінші күдіктінің үйінде 5 «Макаров» тапаншасы мен оқ салынған 10 оқжатар, «Калашников» автоматы және оған 2 сүңгі пышақ табылды. 


«Осы жылы 19 маусымда Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады, оның бақшасында «Макаров» тапаншасы, «МР-654К» тапаншасы, «РГД-5» гранатасы, калибрі 9 мм 16 оқ, калибрі 7,62 мм 5 оқ табылып алынды. Сонымен бірге азаматтармен түсіндіру жұмысының нәтижесінде қарудың 212 бірлігі ерікті түрде берілді. Бүгінгі таңда қылмыскерлердің қолында ауқымды арсенал - ұрланған қарудың 2 мыңнан астам бірлігі, оның ішінде 30 граната атқыш, 2 оқ атқыш, 122 автомат пен 379 тапанша қалуда, бұл дегеніміз – үлкен қауіп, өйткені қылмыскерлер кез келген уақытта оны бейбіт азаматтарға қарсы пайдалана алады», - деді ІІМ өклі.


Оның айтуынша, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында.