Ұлттық сыйлық иегерлеріне жаңа өмір мен ұзақ өмірді бейнелейтін алтын лавр бұтағы бар хрустальды мүсіншелер табыс етілді. «Үздік жедел жәрдем станциясы» номинациясында павлодарлық 103 қызметі үздік шықты. Қызмет өкілдеріне марапатты Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой табыс етті.
«Бүгінде облыстық станса 790 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету желісіне 387 мыңнан астам қоңырау түсіп, 313 мыңға жуық қоңыраулар орнында өңделді», - деді министрлік.
Қызмет ең заманауи апаттық техникамен жабдықталған және екі жыл бұрын паркін толығымен жаңартқан. Станция басшылығы медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыруға үлкен көңіл бөледі. Қызметкерлерді үздіксіз оқыту үшін қажетті тренажерлармен симуляциялық орталық жұмыс істейді.