Бұл ретте ведомство басшысы қоғамның жүйе жұмысындағы олқылықтарға наразылығы негізсіз емес екенін атап өтті.
«Мәліметтерді тексеру, кезекті автоматтандыру, қаржыны бөлу мен қызмет ұсынушылардың есебін қадағалауға байланысты бірқатар кемшіліктің кеткенін мойындауымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін басқа да мүдделі мемлекеттік органдар ережеге бірнеше өзгеріс енгізіп отыр. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең биыл мамырда жүзеге асырылды. Жаңа нормаларға сәйкес, оқытушылар мен жаттықтырушылардың санатына қойылатын талап күшейтілді, әкімшіліктердің өтініштерді қарау мерзімі ұзартылды, сапаны бақылауға және қаржының мақсатты игерілуіне электронды және жалпыға қолжетімді форматта мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді. Ал екінші кезеңде жүйеге тағы бірнеше өзгеріс енгізіледі», - деді министр.