ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин онлайн форматта құттықтау сөзін сөйледі. Кездесу барысында Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан бейінді министрліктерінің министрлері өңір елдерінің энергетикалық секторын декарбонизациялауға дәйекті және кезең-кезеңімен қараудың өзекті мәселелерін талқылады. Жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.

ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков өз сөзінде Қазақстанда 2018 жылдан бастап халықаралық аукциондық сауда-саттықтың ашық тетігі қолданылатынын атап өтті. Бұл тетік бір жағынан, жобалар мен инвесторларды іріктеу процесін ашық әрі түсінікті етуге, екінші жағынан, ЖЭК қуаттарын іске қосудан түпкі тұтынушылардың тарифтеріне әсерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді технологиялар мен жобаларға сүйену мүмкіндігін берді.

Отырыс шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы одан арғы ынтымақтастық құжаттары қабылданды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жаңартылатын энергетика жөніндегі ынтымақтастығының қабылданған бағдарламасы ЖЭК саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың және инновациялық технологияларды дамытудың жалпы тәсілдерін қалыптастырады. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кезекті отырысын 2023 жылы Үндістанда өткізу жоспарланды.