Теңіз арқыылы жөнелтілеетін жүктердің көлемі мен құрамы артып келеді. Атап айтқанда, ауыстырып-тиеу көлемі 2,6 млн тоннаны құрап, 11%-ға өсті, ал контейнерлік тиеу бойынша өсім 5,8%. Әуежай мүмкіншілігі де толық пайдаланылуда. әуе тасымалы бойынша жолаушылар саны 17,1%-ға өсіп, 490 мың жолаушыны құрады. 1024 тонна жүк тасылды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 20%-ға артық. Оған туристік саланың дамуы және Маңғыстау облысының еерекшеліктері үлкен әсер беріп отыр. Қазіргі таңда 27 бағытқа 152 әуе рейсі ұшады, соның ішінде 19 бағытта 61 әуе рейсі алыс және жақын шетелдерге ұшады. Мамыр айынан  бастап жаңадан 6 бағыт ашылды. Теміржол тасымалы бойынша 375 мың адам тасымалданды,  42 пайызға артты», - деді облыс әкімі. 


Н.Ноғаевтың айтуынша, қалада, облысаралық жолаушылар тасымалын қамтамасыз  етуге баса назар аударылып  отыр. Ақтау қаласында ӘКК мен қаржылық институттардың қолдауымен 18 жаңа автобус сатып алынды. Нәтижесінде қаланың автобус паркінің 75% жаңғыртылды. Жақын арада осы әдіспен сатып алынған  12 жаңа автобус Ақтау қаласында қызмет көрсете бастайды. Сонда қаланың  қажеттілігі 100% жабылады. 


Сонымен қатар автомобиль жолдары құрылысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламалары аясында жалпы ұзындығы 193 км болатын облыстық маңыздағы және ауылішілік жолдарына жөндеу мен салу жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсаттарға жалпы мемлекеттік бюджеттен 9,3 млрд теңге қаражат қарастырылды.