Оның айтуынша, халықаралық бағыттар бойынша ұшу географиясын кеңейту жалғасуда. Жалпы, Қазақстан аптасына 466 рейс жиілігімен 102 маршрут бойынша 27 елмен әуе қатынасына ие. Жыл басынан бері Қазақстан әуежайлары 6,84 млн жолаушыға қызмет көрсетті.


«Қазіргі уақытта жолаушылар ағынының айтарлықтай өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, тиісінше бұл кідірістердің артуына алып келеді. Рейстер неғұрлым көп болса, соғұрлым кідіріс көп болады. Сын да көп айтылады. Осы аспект бойынша министрліктің, қазақстандық қана емес, бүкіл әлемдегі азаматтық авиацияның басымдығы - бұл авиажолаушылардың қауіпсіз тасымалы екенін айтқым келеді. Кешіктірудің әртүрлі себептері бар. Мысалы, әуе кемесінің техникалық ақаулығы немесе ауа райының қолайсыздығы, өкінішке орай, алдын ала болжау қиын. Авиатасымалдар кешенді процедуралардың жиынтығы болып табылады, оларға тек тасымалдаушылардың өздері ғана емес, әуежайлар да, әуе көлігін басқару саласы да, жолаушылардың өздері де қатысады. Рейстің кідіруі авиакомпанияның кінәсінен болған жағдайда, заңнамаға сәйкес авиакомпаниялар жолаушылардың құқықтары жөніндегі қызметтерді дереу көздеуі тиіс. Яғни, екі сағаттық кідірістен кейін авиакомпаниялар екі рет қоңырау шалу, алкогольсіз сусындар, ана мен бала бөлмесін және кідіріс ұзақтығына байланысты ыстық тамақ, қонақ үй, көлік ұсынуы керек. Егер авиакомпаниялар жолаушыларға тиісті қызмет көрсетпесе, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады», - деп түйіндеді спикер.


Айта кетейік, рейсті кешіктіргеніне айыппұл төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі қарастырылуда. Оң шешім қабылданған жағдайда, норма биыл күшіне енеді деп күтілуде.