«Бүгінгі таңда қарудың 1640 бірлігі мен 40 мыңнан астам оқ-дәрі анықталып, заңсыз айналымнан алынды. Оның ішінде, 10 граната атқыш; 6 оқ атқыш; 164 автомат; 362 тапанша; 235 жарақаттайтын және газды қару; 78 суық қару. Тек өткен 2 апта ішінде қарудың 50-ден астам бірлігі алынды. Қаруды жасырын сақтаудың 120 орны жойылды. Мысалы, 17 маусымда Алматы қаласында алаңқай жерде 7 граната, оқжатары толық «ИЖ» жарақаттайтын тапаншасы мен оқ-дәрілер жасырылған қаруды заңсыз сақтайтын жер табылған. Биыл 21 маусымда Талғар қаласында 130-дан астам оқ-дәрі мен «Калашников» автоматы алынды. 22 маусымда тағы да Алматы қаласында «Калашников» автоматы, 2 аңшылық мылтық, түтікшелері бар «Ф-1» гранатасы, 40 оқ, 2 броньды кеудеше, 2 радиостанция табылды. 25 маусымда Тараз қаласында тұрғын массивіне жақын жерде сәйкестендіру нөмірлері жойылған, «Макаров» жүйесінің бәсеңдеткішті тапаншасы, сигналды револьвер пен пневматикалық тапанша, жарық-дыбыс гранатасы мен әртүрлі калибрлі 60 оқ табылды. Ал 26 маусымда Тараз қаласында «Байкал» мылтығы, «Стример» тапаншасы мен әртүрлі калибрлі 32 оқ табылып алынды. Жүргізілген түсіндіру жұмысының нәтижесінде азаматтар қарудың 212 бірлігін өз еркімен тапсырды», - деді Әділов.


Сонымен қатар ұрланған қарудың ауқымды саны әлі де заңсыз айналымда - барлығы 2113 бірлік, оның ішінде азаматтық қарудың 1300 бірлігі мен 813 табельді қару.