Аталған іс-шараның бастамашылары Вьетнамның шет елдермен достық қоғамдары одағы және Қазақстанның Ханойдағы Елшілігі, сондай-ақ аумағында мурал орнатылған Вьетнамның Дипломатиялық академиясы болды.
«Ханойда монументалды өнер туындысының пайда болуы екіжақты қарым-қатынастың дәстүрлі достық сипатын көрсетеді. Бұл вьетнамдық жас дипломаттарды географиялық тұрғыдан алыс, бірақ рухы жағынан жақын елмен – Қазақстанның бейнесімен таныстыруға арналған», – деді салтанатты шарада Қазақстан Елшісі Ерлан Байжанов.
Достық қоғамдары одағының төрағасы Нгуен Фыонг Нга екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, мұның іргетасы 30 жыл бұрынғыдан әлдеқайда ерте қаланғанын атап өтті.
«Қазақстан мен Вьетнам ежелден жақын әрі шынайы дос. Екі халық арасында бұрынғы Кеңес Одағынан бері 70 жылдан астам дәстүрлі ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған. Вьетнам халқының ұрпақтары біздің тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күресімізде, сондай-ақ ұлттық құрылыс пен қорғаныстың қазіргі ісінде Вьетнам халқына көрсеткен баға жетпес қолдауы мен көмегі үшін Қазақстан халқын әрқашан есте сақтай отырып, өз ризашылығын білдіреді. Қарым-қатынастардың барлық салаларда қарқынды дамып, кеңейіп, мазмұнды сипатқа ие болғанын қуана атап өтуге болады», - деді Нгуен Фыонг Нга.
Ашылу салтанатына Дипломатиялық академияның президенті Фам Лан Зунг те қатысты. Ол қабырға суретінің ашылуы елдеріміз арасындағы мәдениет саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға жақсы ынталандыру болып табылатынын атап өтті.
Муралдың ерекшелігі – ол осы оқиғаға арнайы жасалған түпнұсқа өнер туындысы негізінде жасалған. Картинаның авторы – белгілі қазақстандық суретші, қоғам қайраткері және галерея иесі Лейла Махат.
Жобаны керамикалық мозаикада іске асыруды «Ханой керамикалық қабырғасы» идеясының авторы, суретші Нгуен Тху Тхюи және оның компаниясының шеберлері орындады.