Мамандандырылған ХҚКО маңындағы фермерлік базар жүз сауда орнына шгақталған. Оның аумағында мың шаршы метр салқын сақтау қоймасы бар. Қазір базарға трамваймен жетуге болады. Болашақта автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін отыз орындық тұрақ құрылды. Өңір басшысы автотұрақ аумағын кем дегенде 200 көлікке кеңейтуді тапсырды.

- Он күн ішінде нарықты іске қосу жоспарын әзірлеу қажет, - деп тапсырды Әбілқайыр Сқақов. – Біз тек құрылыс бөлігін ғана емес,  болашақ базардың сауда, басқару және инфрақұрылымдық құрылымын да ойластыруымыз керек. Фермерлер базары тұрғындарға әлеуметтік бағамен азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беретін жетілдірілген жәрмеңкеге айналуы тиіс.

Өңір басшысы «Спорт сити» шағын ауданындағы олимпиадалық резервті даярлау орталығының құрылысымен де танысты. Қазір мұнда әрлеу жұмыстары мен ғимаратты шынылау жүріп жатыр. Орталықта спортшылар әртүрлі жекпе-жек және олимпиадалық спорттың басқа да түрлері бойынша жаттығулар өткізетін болады. Орталыққа мыңдаған көрермен сыяды, бұл халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Облыс әкімі орталықтың құрылысын Республика күні мерекесіне орай аяқтауды тапсырды.

Әбілқайыр Сқақов Солтүстік өнеркәсіп аймағын аралау барысында осы жылдың мамыр айында ашылған «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС-де болды. Серіктестік өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы секторы кәсіпорындары үшін түрлі жабдықтар, аппараттар, металл конструкциялар шығарады. Павлодар мұнай-химия зауыты кәсіпорынның өнімдеріні тұтынушыларының бірі.

- Біз шетелден көптеген металл бөлшектерін сатып аламыз, - деп атап өтті өңір басшысы. - Кәсіпорындардың тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қажетті бөлшектердің тізбесін жасап, оларды жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету қажет. Ол үшін біз шетелдік технология бойынша өзіміздің өндірісімізді жолға қоюымыз керек.

«Стекломир» ЖШС шыны өндірісін іске қосып, өз өнімдерінің экспортын ретке келтіре алды. Зауыт тәулігіне төрт мыңға жуық шыны пакеттерін өндіріп, оларды таяу шетелдерге жеткізеді.

Зауыт «Бизнестің жол картасы-2025» аясында 2 млрд. теңгеден астам пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпорынға 3,7 млрд.теңге сомаға кредиттік портфель жобасы қаржыландырылды.

Кәсіпорынның еңбек ұжымы жыл сайын өсіп келеді. Екі жыл бұрын мұнда  270 адам жұмыс істесе, қазір 468 қызметкер еңбек етеді. Зауыт директоры оларға білікті жұмысшылар жетіспейтінін айтты.

- Жұмыс беруші ТжКБ мекемелерімен белсенді ынтымақтасуы керек, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Қазір колледждерде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруда толық автономия пайда болды. Егер сізге қосымша мамандар қажет болса, қажетті мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мүмкіндіктеріңіз бар.

Аралау соңында өңір басшысы «Dr. Rau» стоматологиялық клиникасының қызметімен танысты.. Клиниканың негізін қалаушы Рауан Баймамыров «Zhas Halyk Ertis» бағдарламасы бойынша 13 млн.теңгеге кепілсіз несие алғанын хабарлады. Осы қаражатқа кәсіпкер заманауи жабдықтар сатып алып, стоматология жұмысын қайта құрды.

Күн сайын клиниканың жеті тіс дәрігері 25 адамды қабылдайды. Мұнда тістерді емдеу, протездеу, имплантациялау, қалпына келтіру, брекет-жүйелерді және винирлерді орнату бойынша қызметтер көрсетіледі.