Акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақтары мен аллеяларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Оған еріктілер, экобелсендер, қоғам белсенділері де қатысты. Қатысушылар саны шамамен 266 мың адамды құрады. Бұл 23 мыңнан астам волонтер, 94 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 229 мыңнан астам азамат.

Сонымен қатар, экология департаменттері жергілікті атқарушы органдармен және ішкі істер органдарымен бірлесіп, осы күні сұрапыл қоқыстардың пайда болу фактілерінің жолын кесу және болдырмау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Акция барысында 10 мың гектардан астам жер тазартылды. 19 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Айта кетейік, жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Мәселен, 1,1 мың тоннадан астам шыны, 1,6 мың тонна пластик, 745,9 тонна резеңке, 432,7 тонна қағаз бен картон, 839,6 тонна металл берілді.

2019 жылы басталған акция министрлік тарапынан қоқысты жинау, қайта өңдеу және сұрыптау сияқты экологиялық тақырыптарға қоғамның назарын аудару мақсатында қолға алынды.

Акцияға қатысуға ниет білдірген еріктілердің саны жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл халықтың экологиялық проблемаларды шешуге тартылуының жақсы көрсеткіші болып табылады.