Сонымен  қатар 2022 жылы ҰБТ-ның базасына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз сақтала отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілді. Яғни, 15 сұрақтың 5 сұрағы контекстік сұрақтар, мәтінді оқып сұрақтарға жауап беру қажет. Сонымен қатар, екі жыл қатарынан Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша 100 датаны бекітілді. Тестілеу барысында кездесетін даталар тек осы 100 датадан болды. Олар желтоқсан айында ұлттық тестілеу орталығының дереккөздерінде жарияланды.  


«Шекті балдарға келсек «Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді және 75 балды құрайды. Білім берудің басқа салалары бойынша өзгерістер жоқ. Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Электрондық форматтың академиялық адалдық және объективтілік тұрғысынан бірқатар артықшылықтары бар. Оған тест нұсқаларының бірегейлігін жатқызуға болады. Яғни, ҰБТ-ның әр қатысушысының жеке тест нұсқасы болды. Мұнымен қоса, министрлік тек тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан талапкерлерге ыңғайлы болу мақсатында ҰБТ-ға дайындалу үшін онлайн сынақ тестілеуді іске қостық. Бұл жүйе барлық талапкерге тегін негізде қолжетімді. Сынақ тестілеуінен өту кезінде талапкер тест тапсырмаларымен танысуға және таңдалған пәндер бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндігі бар», - деді ведомство өкілі. 


Сонымен қатар 2022 жылғы түлектер үшін одан да көп білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізілді. Сабақтар орталықтардың YouTube арналарында тікелей эфирде өтеді және сақталды. Талапкерлер кез келген уақытта сабақтарды қайта қарай алады.


Сондай-ақ алғаш рет ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданды. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберілді. Тестілеудің өту барысын ата-аналар тікелей эфирде қарады. 


Ережелерге сәйкес барлық бейнежазбалар ағымдағы жылдың аяғына дейін талданып, тыйым салынған заттарды пайдалану анықталған жағдайда, тестілеушінің балдарымен қоса білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі де жойылады.