Шымкенттік полицейлер мүмкіндігі шектеулі әйел мен нәрестені өрттен құтқарды.

Шымкент қаласының Жедел басқару орталығынан “102” сымтетігі арқылы Патрульдік полиция полкінің кезекші бөліміне шақырту келіп түсті. Онда Отырар мөлтек ауданында өрт болып жатқаны туралы хабарланды. Полиция қызметкерлері шұғыл түрде оқиға орнына барып, өрт сөндірушілері келгенше пәтер тұрғындарына көмек көрсетті.

Көршілердің айтуынша, 3 және 5-қабатта адамдар болған. Патрульдік полиция полкінің 4-рота қызмет инспекторлары Мусакан Умералиев пен Ғабит Кубеев  оларды тілсіз жаудан арашалауға кіріседі. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары өрт шыққан ғимараттан жаңа туылған нәресте мен мүмкіндігі шектеулі әйел адамды құтқарды.

Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің кәсібилігі мен қырағылығының арқасында азаматтар өрттен дені сау, ешбір дене жарақатынсыз аман қалды. Оқиға кезінде адам шығыны болған жоқ.