«Қазіргі заман адамының  энергетикалық шығыны  шамамен 2100 килокалорийде ауытқиды, соның ішінде әйел адамдарда 2400-2500 килокалорийге дейін, ал мақалада калорийге қатысты көрсетілген   деректер  қала тұрғынының да, сонымен қатар ауыл тұрғынында қажеттілігін елеулі асырып көрсетіп отыр.  Егерде  ғылыми  көзқарасқа жүгінетін болсақ, халық асыра тамақтанады деп немесе   халықтың жан басына шаққанда   калориясының асырылған деп айтуға болады.  Керісінше  ірі қалалардағы адамдардың калориясының төмендеу динамикасы нені білдіреді, яғни адамдардың өзінің ішіп жүрген тамағының рационын және дене салмағын қадағалайды, рациондағы  зиянды тамақ өнімдерін, майды, қантты, нан өнімдерінің мөлшерін ерекше көңіл бөледі.     Қазақстандықтар  өздерінің денсаулығы  көп жағдайларда тамақтануына байланысты екенін  түсінеді, бұл нені білдіреді, адамдарда өзінің денсаулығына деген  саналы түсінігі пайда болды, тамақтану мәдениеті қалыптасты. Бұл халықты сауықтырудың оң үрдісі болып табылады -  деп,  Қарағанды медицина университетінің және Астана медицина университетінің  профессоры, нутрициолог Светлана Плясовская аталған жариялымға өз пікірін білдірді. 

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі осындай жариялымдар жеке адамның және қоғамның  денсаулығына зиян келтіру мүмкін екеніне сенімді, өйткені дәлелді медицинаға және тамақтану саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысы жоқ фактілер жарияланады.