Пленарлық отырыс 2022 жылғы 14 шілде, сағат 10.00-де Назарбаев Университетінің ғимаратында (Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, С-3 блогы, 1022,1010 залдарында) өтеді.
Сессиялардың негізгі тақырыптары: жастар және студенттер алмасу бағдарламалары, жастардың радикалдануына қарсы іс-қимыл, жастардың дамуы, жастар арасындағы суицидтің, есірткіге тәуелділіктің алдын алу.
Форумның іскерлік бағдарламасы пленарлық отырыстан және 4 негізгі панельдік сессиядан тұрады. 25-тен астам спикер, яғни халықаралық жастар ұйымдарының өкілдері сөз сөйлейді.
Қосымша ақпаратты +7 (776) 055-00-01 телефоны арқылы алуға болады.
Ескерту! Іс-шараға қатысу үшін 72 сағат ішінде берілген теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасы болу қажет.