«Израильмен тікелей әуе қатынасын орнату Қазақстанның туристік және транзиттік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мәдени өзара іс-қимылға, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ететін болады. Қазір Израиль азаматтары үшін Қазақстанға визасыз кіру режимі енгізілген. Біздің министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп осы мәселені пысықтайды», - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Әңгіме барысында министр Қазақстанда туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларға жеке тоқталды. Атап айтқанда, 183 инвестициялық жобадан тұратын база құрылды, туризм саласында инвесторларға қолайлы жағдай жасалып жатыр, инвестициялық шек төмендетілді, ҚҚС-тан босату түрінде әртүрлі жеңілдік беріледі және т. б.

Сондай-ақ тараптар имидждік іс-шаралар шеңберінде екі елдің нарығында туристік өнімдерді ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Йоэл Развозов туризм саласындағы өзара қарым-қатынас әлеуетін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Оның айтуынша, коронавирус шектеулерінен зардап шеккен сала, ол-туризм.