Отырыс барысында медицина қызметкерлерін даярлаудағы негізгі қиындықтар: шет тілін нашар білу және орыс тілінде оқытатын үздік жоғары оқу орындарының аз саны екені атап өтілді.

Осыны ескере отырып, медициналық бағыттағы үміткерлердің академиялық бағдарламаларға қолжетімділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында Министрлік іріктеу қағидаларына бірқатар түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.

Осылайша, академиялық оқуға "медицина қызметкерлері" жеке санаты айқындалды; мұнда "медицина қызметкерлері" санаты үшін түсу кезінде ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейі IELTS 5.0 дейін төмендетілді; сондай-ақ көрсетілген санат үшін 12 айға дейінгі мерзімге тілдік даярлыққа рұқсат етілді.

Сондай-ақ, "Тағылымдама/Медицина" бағдарламасы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясы гранттарының санын 15-тен 20-ға дейін арттыру туралы шешім қабылданды.

2022 жылға "Медицина" бағыты бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының шекті саны анықталды: "магистратура", "резидентура" бағдарламалары бойынша – 25; "докторантура" бағдарламасы бойынша – 5; "тағылымдама" бағдарламасы бойынша – 20.

Сонымен қатар, отырыста 2022 жылы "Медицина" бағыты бойынша конкурстық іріктеуден өткен 8 үміткерге стипендия тағайындалды.

Министрлік "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін жағдай жасау, медицина кадрларын оқытуға тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Стипендияларды толық көлемде беру жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мен Роттердам Эразмус университеті арасында "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде отандық медицина мамандарын даярлау туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылатынын атап өткен жөн.