Оның айтуынша, өнеркәсіпте айналымдағы немесе қайта сумен жабдықтау көлемінің ұлғаюы есебінен таза су алу көлемі 1,3 текше километрге қысқартылады.


«2025 жылға қарай аталған іс-шараларды іске асыру қосымша 7 текше километрге суды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының осы жылғы 8 ақпандағы кеңейтілген үкімет отырысында берілген тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексі әзірленуде. Жаңа Су кодексін қабылдау елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау, су үнемдеуге арналған кондырғыларды пайдалануға ынталандыру, су ресурстары мен суға сұранысты басқарудағы қоғамның рөлін арттыру, сондай-ақ саланы ғылыми сүйемелдеуді енгізу үшін негіз болады. Қазіргі уақытта жаңа Су кодексінің Тұжырымдамасы және ілеспе заң жобасы әзірленді. Жаңа Су кодексінің тараулары мен баптары жасақталуда. Кодекс жобасы бекітілген мерзімде Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады», - деді спикер.


Бұл ретте ол қоғамдық  ұйымдар мен білікті мамандар тарапынан суды тиімді пайдалануға қатысты ұсыныстар қабылданатынын жеткізді.