- Аймақта жаңа инвестициялық жобалар әрдайым қарастырылып келеді. Индустрияландыру бағдарламасы аясында соңғы 11 жылда 35 жоба іске асырылып, жаңа өндірістер мен өнімдердің жаңа түрлері шығарылды. Екі мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Мәселен, 2021 жылы 4 жоба жүзеге асты. Оның екеуі шыны және керамзит өндірістері - құрылыс индустрия саласына, ал қалған екі жоба ас тұзы және күріш өңдеу - азық-түлік өнімдерін шығаруға бағытталған. Аталған жобалар бойынша 5 айда 22 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Экпорт көлемі 30 пайызға артты. Алдағы уақытта, бағдарламаның үшінші бесжылдығында құны 654 млрд. теңгені құрайтын 46 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда,- деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Брифингте сала маманы биыл бірқатар жобалардың құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Олар, Арал ауданындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыты, шаһардағы «Айғасар» серіктестігінің «Бие сүтін өңдеу цехы», «Игіліков» жеке кәсіпкерінің балық қалдықтарынан жасалған балық ұнын өндіру жобасы.

Айта кетейік, бес ай ішінде 233 мың тонна аммоний метаванадаты Ресей мен Ұлыбританияға эскпортталды. 2023 жылы осы тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастау жоспарлануда.