Жыл басынан бері пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жобалары мақұлданды. Мемлекеттік жоба аясында Қазақстан бойынша сұранысқа ие жаңа өндіріс орындары ашылды. Елдегі кәсіпкерліктің дамуына, бизнесмендердің қаржылық ауыртпалығын жеңілдетуге жағдай жасалып-ақ келеді. Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, әлгі бизнес түрлерін дамыту үшін қайтарымсыз грант алуға болады. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы-2025».

Рашид Жорабеков, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті директорының орынбасары:

– Осы ұлттық жоба бизнес бастаушыларға үлкен қолдау болды деп есептейміз. Сұраныс бар. 64 мың жобаның қолдау тапқаны жақсы көрсеткіш. Бизнес бастаймын деген кез келген қазақстандық үшін мемлекеттен қолдау бар.

Биыл бюджеттен «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын жүзеге асыруға 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл жолы өңдеу өнеркәсібіне, қызмет көрсету саласына, сондай-ақ аграрлық секторға басымдық беріледі. Жалпы 12 жыл ішінде «Даму» қоры 64 мыңнан астам бизнес-жобаны субсидиялады. Жалпы жұмсалған сомма 4,9 триллион теңге.  «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 421 млрд теңге бағытталған. Ең бастысы 797 мың жұмыс орнын сақтап, тағы 200 мыңға жуығын ашуға мүмкіндік туды.

Анастасия Кадышникова, кәсіпкер:

– Егер бұл бағдарлама болмағанда біздің кәсіп осы қарқынмен дамуы екіталай еді. Себебі қаржылай көмек алу ісімнің өркендеуіне мұрындық болды. Жаңа цех аштым, жаңа жұмыс орындары пайды болды. Айналымға қомақты қаражат салуыма мүмкіндік туды. Кәсіпкерлерге бұл өте үлкен көмек.

Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады: шағын қалалар мен ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау. Өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне салалық қолдау яғни экономиканың басым секторларына. Кәсіпкерлікті қолдау үшін қаржылық емес шараларды ұсыну. Бизнестің жол картасы-2025 мемлекеттік бағдарламасының қаржылық операторлары: даму кәсіпкерлікті дамыту қоры мен бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы Ербол Дайыров

Дереккөз: «Хабар-24»