«Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ, барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды. Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет. Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп. Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар».
«Медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен, мұнда қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауы керек. Келесі өзекті мәселе – денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру. Бұл жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Жалпы, цифрландырудың қазіргі деңгейі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп отырған жоқ. Денсаулық сақтау саласында 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Әр жүйенің өз кемшіліктері бар. Министрлік болса, жауапкершіліктен қашып, нақты шешім қабылдамай отыр. Ал, мұның зардабын дәрігерлер мен азаматтар тартуда. Үкімет осы мәселені тез арада шешуі керек».
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал».
"Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі "Комфортная школа" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" екі пилоттық ұлттық жобасын әзірлеуді үйлестіреді. Олардың нақты міндеттері мен іске асыру мерзімдері бар, нақты нәтижелерге бағдарланған.
Бұл не туралы екенін еске саламын. "Комфортная школа" ұлттық жобасы заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мыңға жуық оқушы орнын салуды көздейді. Жоба үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін, білім алу жағдайының біркелкілігін шешуге бағытталған.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы барлық ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол 800 мыңнан астам азаматы бар 650 елді мекенді қамтиды. 32 аудандық аурухананы көп бейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту жоспарланған.
Нәтижесінде шұғыл және орта технологиялық медициналық көмек алу үшін қашықтық 500-ден 200 км-ге дейін қысқарады.