Жалпы, цифрландыру баяу жүріп жатыр, менің ойымша, қанағаттанарлықсыз. Мен есеп комитеті сынға алған "Зерде" Ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырдым. Премьер-министр цифрландыру кураторы ретінде бұл мәселеге ерекше назар аударғаны жөн.

Министрге ескерту жасаймын. Менің ойымша, сіз қанағаттанғысыз жұмыс істеп, Премьер-Министрдің жұмыс көрсеткішін кері тартып келесіз.

Тиімсіз саясат жер қойнауын пайдалану саласында да сақталуда. Менің тапсырмам бойынша пайдаланылмай жатқан кен орындарына ауқымды тексеру жүргізіліп, оларды одан әрі адал инвесторларға беру көзделіп отыр. Бірақ нәтижелер әлі әсерлі емес.

Сондай-ақ, заңсыз өндіру және мерзімі өткен келісімшарттардың көптеген фактілері бар.