Кездесуге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов қатысты.

Басты назарда жаңа жұмыс орындарын құру, несие беру арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ халықтың табысын арттыру бағдарламасы және т. б. мәселелер болды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсібінің көлемі тиісінше 5,8% - ке, жалпы ішкі өнім 3,4% - ке, құрылыс 9,2% - ке, сауда мен көлік салалары 6,2% - ке ұлғайды.

Ағымдағы жылы өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 трлн. теңге бөлінді. Бұл жалпы шығындардың 30%-ін құрайды.

Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттердің кіріс базасы нығайтылуда. Бұл ретте, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті деңгейге беру оң әсер етеді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 128 млрд. теңге бөлінді, олар 580 ауылда

1 100 жобаны іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд. теңге бөлінді. Осы кешенді жоспарлар шеңберінде 170 мыңнан астам жұмыс орындары енгізіледі.

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы адал бәсекелестікті күшейту, жеке меншікті қорғау, экономиканы монополиядан арылту арқылы еліміздің жаңа экономикалық бағытын іске асыруға бағытталған.

Осы шаралардың барлығы саяси тұрақтылықты, бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесін айтарлықтай нығайтады, барлық қазақстандықтар үшін кең экономикалық мүмкіндіктер туғызады, - деп атап өтті Е.Жамаубаев.

Кездесу барысында Ерұлан Жұмабаев Алматы облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен баспасөз конференциясына қатысты.