ҚР ТЖМ өртке қарсы жағдай комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титовтың айтуынша, өрттің тез таралуына және алаңның ұлғаюына жел, ауа райы және ағаштан салынған үйлердің тығыз орналасуы ықпал етті. 
«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 2 минутта жеткен. Одан әрі жақын жердегі бөлімшелерден, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан қосымша автомобильдер тарту есебінен күштер мен құралдар саны артты.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеуге өрт сөндіру зертханасы тартылды. Барлық қажетті жұмыстар жүргізілді. Егер кінәлі адам анықталса, тиісінше, оған үйлердің иелеріне келтірген материалдық залалды өтеу жүктеледі.

Ресми түрде зардап шеккендер тіркелген жоқ. Жақын маңдағы медициналық мекемеге жүгінген азаматтар болды, бірақ бұл көбінесе шок алу жағдайымен байланысты болды. Қажетті көмек көрсетілді», - деп жауап берді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында модератордың сұрағына берген жауабында.