«Қазіргі уақытта 349 күдікті адамдар қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуде, қаруларды жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда белсенді түрде қатысқандығы анықталды. Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы туралы жеткілікті мәліметтер бар. Барлығы қаңтар оқиғалары бойынша сотқа 479 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 545 адам сотталды. Нақты бас бостандығынан айыру жазасын билік өкілдеріне қатысты күш қолданған, мүліктерді зақымдауға байланысты ауыр қылмыстарды жасағандар, сондай-ақ залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 83 сотталушы алды», - деді спикер.
Сонымен қатар процестік келісім институты кеңінен қолданылуда. Аталған рәсім шеңберінде Ақтөбе облысында 3 күдіктіге қатысты айыптау үкімі қабылданды. Анықталған мән-жайларға сәйкес, 5 қаңтар аталған адамдар бұғаттау және қызметті тоқтату арқылы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайын басып алған. Нәтижесінде стратегиялық объектінің жұмысы 2 тәуліктен астам мерзімге тоқтатылып, ішкі және халықаралық рейстер кешіктіріліп, айтарлықтай залал келтірілген. Сотпен олар түрлі жазаларға сотталды.
«Алматы облысында процестік келісім бойынша Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктердің 5 белсенді қатысушысы шартты жазаларға сотталды. Бұған дейін хабарланғандай, сол күндері жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстанда тыйым салынған «ДВК/ Көше» (бұдан әрі - ДВК) экстремистік ұйымының жақтаушылары белсенді қатысты. Шымкент қаласында сот үкімімен осы ұйымның 3 ұстанушылары 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырумен шектелмей, өздері қиратулар мен мемлекеттік мүлікке зақым келтірумен ұштасқан қалалық әкімдік ғимаратына шабуыл жасады. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ», - деді Қилымжанов.