Жергілікті әкімшілік, бизнес өкілдері және Гренобльде тұратын қазақстандықтар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев екі елдің стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін өңірлердің орасан зор әлеуетінің бар екенін атап өтті. Бұл жақындасудың мәнмәтінде, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан, одан әрі демократияландыруға және Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформалар туралы хабардар етті.

Елші жаңа Құрметті консулдықтың орталықсыздандырылған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Оверн-Рон-Альпі өңірінің компаниялары Қазақстанмен цемент, титан құймалары, күн батареяларына арналған фотоэлементтер және т.б. өндіру сияқты секторларда бұрыннан жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, сирек жер элементтерін әзірлеуде, «жасыл» сутегі өндірісінде, сондай-ақ тау туризмін дамытуда ынтымақтастықты кеңейтуде әлеует бар.

Елші Қазақстанның жаңа Құрметті консулының үздік қасиеттері мен кәсібилігін ерекше атап өтті. «Софи Сидостың тағайындалуы Франциядағы құрметті консулдықтардың басында әйелдердің рөлін арттырады», - деді ол.

Өз кезегінде Софи Сидос Елші мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшылығына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол басқаратын «Louis Vicat» қоры Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің мәдени іс-шараларын өткізуге үнемі жәрдемдесетінін атап өткен жөн. Жұмыс барысында ол Қазақстанмен достық және жылы қарым-қатынас орнатты. MEDEF Isère-ді (кәсіпкерлер қауымдастығының жергілікті бөлімшесі) басқаратын Софи Сидос сонымен қатар өңірдегі компаниялардың Қазақстанмен байланысын нығайтуға ниетті.

Бұдан басқа, бірлескен жұмыстың маңызды басымдықтарының бірі өңірдегі университеттерде қазақстандық студенттердің санын арттыру және мәдени мен спорттық алмасуларды жандандыру болмақ.

Құрметті консулдықтың кеңсесінен бірнеше метр қашықтықта Тур де Франстың кезекті кезеңі өтуінің символдық мәні бар. Осыған орай, Жан Ғалиев, Софи Сидос және рәсім қонақтары Францияда танымал «Astana Qazaqstan» командасының көптеген жанкүйерлерінің қатарында велошабандоздарды қолдады.

Құрметті консулдық – өзі өкілдік ететін елдің мемлекеттік қызметінде тұрмай, сол елдің және оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қоса, бірақ визалар мен өзге де ресми құжаттарды беруді қоспағанда, өкілдік ететін мемлекеттің тапсырмасымен және болу елінің келісімімен ақысыз негізде кейбір консулдық міндеттерді атқаратын Құрметті (штаттан тыс) консул басқаратын мекеме.