Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Серікқали Брекешев Президент тапсырмаларының орындалуы барысымен таныстырды.

Оның айтуынша, бүгінде геология саласына қорлардың төмен толықтырылуы және геологиялық барлауға инвестицияның төмен деңгейі тән. Басты міндет - геологиялық зерделеуді арттырып, перспективалы учаскелерді анықтап, геология саласы мен геология ғылымының инфрақұрылымын дамыту. Процестерді цифрландыру және автоматтандырып, заң базасын жетілдіру болып табылады.

«Бұл сұрақтар Геология саласының дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасында және «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасында көрініс тапты. Ұлттық жобада геологиялық зерттеудің жалпы ауданы 2026 жылы 680 мың шаршы км құрайды. Бұл 2,2 млн шаршы км геологиялық-геофизикалық зерделеумен қамтуға жол ашады. Сирек және сирек кездесетін металдарға перспективалы учаскелерді анықтауға ерекше назар аударылады», - деді министр.