Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, ақбөкен популяциясы басқарусыз шексіз өсіп, тұрақты өмір сүре алмайды. Біріншіден, жем-шөп ресурсы шектеулі, екіншіден, киікке тән әр түрлі себепен, ауру, эпизоотия салдарынан жаппай қырылуы мүмкін.

«Киік санының динамикасын талдай отырып, 1980 жылдан бастап жаппай қырылуының 11 жағдайы, орташа алғанда әрбір 3,5 жыл сайын байқалды, бұл кезде орташа есеппен бүкіл популяцияның 34% немесе жалпы санның 18% қырылған. Тиісті ғылыми зерттеулердің болмауына байланысты, жаппай өлім-жітімді болжау мүмкін емес, сондықтан киік санының ауру мен жұттан күрт ауытқу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Киікті сақтау үшін арнайы қорғауды жалғастыра отырып, мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды мәселе», - деді ведомство басшысы.

Министр мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет ететінін атап өтті. Осы орайда, Зоология институтымен терең зерттеу жұмыстары басталады және қорытындысы жарияланатын болады. Бұл жұмыс бірнеше жылға созылуы ықтимал. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің даулы мәселелерін шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге келтірілген залалды өтеу әдістемесін әзірлеу мәселелерін қарайтын болады.