Ерік Төленов ұлттық дәстүрді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін мемлекетаралық «МИР» - телерадиокомпаниясының «Песня - Путь к Содружеству» арнайы марапатына ие болды. Сондай-ақ Ерік Төленов халықаралық байқаудың лауреаты атанды. Ал 12 жастағы Алинур Хамзин балалар арасында осы сайыста екінші орын алды.

Біздің анықтама:
Ерік Төленов 1993 жылы Түркістан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Кентау қаласындағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын бітірген, 2014-2016 жылдары түрлі музыкалық топтарда өнер көрсеткен. 2021 жылы Mozart халықаралық шығармашылық фестивалінің және Welle-music wave халықаралық байқауының гран-при иегері атанған, The Voice of Kazakhstan танымал байқауында II орын алды. Оның қойылымы әлемнің ең үздік The Voice шоуларының қатарына енді.

Алинур Хамзин 2010 жылы Орал қаласында дүниеге келген. №27 мектеп-лицейінің 6-сыныбында және № 1 музыка мектебінде оқиды. Соңғы 5 жылда республикалық конкурстарға, тележобаларға және халықаралық конкурстарға, оның ішінде Париждегі Junior Eurovision байқауына, Ташкенттегі «Роза востока» халықаралық конкурсына қатысқан. Сондай-ақ, ол әр түрлі тележобалар мен конкурстардың лауреаты.