«АЭА қатысушыларынан – кәсіпорындардан банкте мүлікті кепіл ретінде қабылдамайды немесе қиындықпен қабылдайды деген мәселе жиі көтеріледі. Кейбір өңірлерде үлкен жиналыс өткізіп, оны кепілге алуға көндіруге тура келетіні айтылды. Қазір біз шартты түрде бұғатталған көлемнің есебін жүргізіп жатырмыз, оны кепілге қоюға және несие алып,  одан әрі дамуға болады. Осы мәселені шешу үшін АЭА қатысушысына өзінің негізгі міндеттемелерін іске асырғаннан кейін, зауытты іске қосқан соң, Жер кодексі бойынша жер мен мүлік бөлінбейтін болса, АЭА қатысушысына АЭА режимінде жұмысын жалғастырып, өзінің барлық міндеттемелерін орындауы үшін міндеттемелер жүктейтін нормалар әзірленді. Бұл компанияларымызға банк қаражатын қосымша тартуға көмектеседі», - деп атап өтті спикер. 
Бұдан басқа, АЭА қызметін жетілдіру үшін АЭА қызмет түрлерінің тізбесі нақты инвестициялық жобалар үшін 74 позицияға кеңейтілді; ҚҚС салынбайтын АЭА қатысушылары сатып алатын тауарлар тізбесі 100 мыңға дейін кеңейтілді. 


Оспанов министрлік АЭА-ны дамыту және тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жандандыратынына сендірді. Инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.