Бүгінгі таңда КВИ-ге қарсы вакцинациямен халықтың  вакциналауға жататын ересек тобының 80%-дан аса бөлігі немесе бүкіл ел халқының 56%-ы қамтылған. 


КВИ қарсы бастапқы ревакцинациямен қамту республика бойынша вакциналауға жататын халықтың 68,3%-дан астамын құрайды. Тәулігіне 10 мыңнан астам адам егілуде. 
Мамыр айының соңында қайта ревакцинациялау енгізілді. Бүгінгі күні халықтың 55%-ы қамтылған. Биыл  15 шілдеден бастап COVID-19 эпидемологиялық жағдайын бағалау матрицасы 10 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылықтың көрсеткіші және R көрсеткіші бойынша жүргізіледі.