Сонымен қатар ол бүгінгі таңда КВИ-мен ауыратындардың арасында аурудың жеңіл, симптомсыз ағымы байқалады, қысқа инкубациялық курс 2-ден 14 күнге дейін, орта есеппен 2-4 күнге дейін созылады. Адамдар негізінен қызудың  көтерілуінее, жалпы әлсіздік, бас ауруына шағымданады. Аурудың ауыр ағымында нейротоксикоз, электролит балансының бұзылуы, гиповолемиялық шок байқалады. 


«КВИ бар пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсету үшін БСАК деңгейінде 2380 мобильді бригада ұйымдастырылды, олардың мыңнан астамы ауылда. Бұл ретте резервте 1600-ден астам мобильді бригада бар. 5000 және одан артық халыққа 1 бригада. Ауыл деңгейінде дәрігерлік амбулаторияның және бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанынан кемінде бір мобильді бригада құрылады. Жіті респираторлық ауру белгілері бар және күдікті пациенттерге немесе коронавирустық инфекциясы бар науқастарға үйге шыққан кезде ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияға биологиялық материалдар үлгілерін алу жүргізіледі. «Covid-19 Коронавирустық инфекциясын» анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмек тағайындалады, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек науқасқа жеткізіледі», - деді спикер. 


2022 жылдың І жартыжылдығында мобильді бригадалар 815 мың шығуды жүзеге асырды, ең көп шығулар саны - Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді. 1,5 мыңға жуық жедел медициналық жәрдем бригадасы бар. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жедел медициналық жәрдем қызметіне 4,4 млн қоңырау келіп түсті, өсім - 3,6%. Бұл ретте КВИ күдікті пациенттерге «жедел жәрдем» шақыру 3,5 есе азайды. Өткен жылы 180 мың қоңырау келіп түскен. Шұғыл медициналық көмек көрсететін 2 250 бірлік медициналық автокөлік бар.