Атырау облысындағы қолайсыз ауа-райы жағдайларының (жаңбыр, найзағай, дауыл жел) және 220 кВ әуе электр беру желілерінің бірнеше тіректерінің құлауы салдарынан республика аумағындағы "КТК-К" АҚ-ның: "Құрманғазы" МАС және "Исатай" МАС объектілері электрмен жабдықтаудан ажыратылды.
"2022 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша оқиға ағымдағы айдың тиеу кестесінің орындалуына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта КҚК теңіз терминалында мұнай жөнелту штаттық режимде жүзеге асырылуда. Станциялардың негізгі жабдықтарын қоректендіру резервтік көздерден жүзеге асырылады, объектілерде авариялық жағдайдың туындау қаупі жоқ. Бұл ретте сорғы жабдығын ағымдағы жағдайда іске қосу технологиялық тұрғыдан мүмкін емес", - деп атап өтті КТК-да.
Қазіргі уақытта "КТК-К" АҚ жөндеу бригадалары мен Республиканың тиісті қызметтері технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бұған дейін хабарланғандай, екі қондырғы 27 шілдеде Атырау МӨЗ-де апатты түрде сөндірілді.
Атырау облысының электр желілерінде апатты бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде. Атырау мұнай өңдеу зауыты өндірісті толығымен тоқтатты.
Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ-де 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, 4 мың тонна керосин бар, деп хабарлады зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов.