Сұхбат барысында тараптар саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар түрлі деңгейдегі сапар алмасуды ілегрілету, Қазақстан-Канада ынтымақтастығы тетіктерінің қызметін жандандыру, сондай-ақ екіжақты шарт-құқықтық базаны кеңейту бойынша нақты ұсыныстар бойынша пікір алмасты.

Өз кезегінде Канада Елшісі алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары жөнінде хабардар етіп, Канада дипломатиялық миссиясының бастамаларына қазақстандық тараптың тұрақты қолдауын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан елімізге келуге ниет білдірген канадалық азаматтарға визасыз режимді қамтамасыз етіп отыр, бұл өзара сауда мен инвестицияның өсуіне ықпал етуде. Канада жалпы инвестиция көлемі 6 млрд АҚШ долларынан асатын Қазақстандағы 15 ірі шетелдік инвестордың бірі.

Министр Елші А. Хэмсонның қазақ тілін меңгергенін және оны оқып-үйренуге деген ықыласын атап өтті.